Әлеуметтік орталықта сейсмикалық жаттығу өтті

Әлеуметтік орталықта сейсмикалық жаттығу өтті

Ұлан ауданының құтқарушылары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сейсмикалық жаттығулар өткізді.

Жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялаудың әр минуты шешуші болуы мүмкін, әсіресе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты.

Мұндай санаттағы азаматтардың табиғи апаты туындаған кезде өз бетінше іс-әрекет жасау әлдеқайда қиын, сондықтан ауданның төтенше жағдайлар мамандары бұл мәселеге ерекше мән береді.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында олар жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттердің негізгі ережелерін қызметкерлерге түсіндіріп, содан кейін іс жүзінде эвакуация жүргізді.

Сейсмикалық жаттығулар көрсеткендей, ең үлкен проблема - өзін-өзі эвакуациялай алмайтын мобильді емес адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұндай адамдарға әлсіреген қарт азаматтар, науқастар, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектер жатады. Қызметкерлерге жер сілкінісі дүмпуінен кейін осы санаттарға жатқызылған ем қабылдаушыларды   оңай, жылдам және қауіпсіз эвакуациялау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз ету қажет, өйткені адамдардың өмірін сақтап қалу - осындай  іс-шараларды  мұқият орындауға байланысты болуы мүмкін.

"Ұлан ауданы сейсмикалық қауіпті аймаққа жататындықтан, мекеме мен орталық қызметкерлерін жер сілкінісіне үнемі және мұқият дайындау барлық пациенттерді оқыс оқиғалардан қорғауды қамтамасыз етеді", - деп № 13 өрт сөндіру бекетінің бастығы Айдын Келдібеков сейсмикалық жаттығулар қорытындысымен бөлісті. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі