
Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында, ТЖД қызметкерлері өңірдегі су тасқыны кезеңінің өтуі тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.
Облыстағы жағдайды бағалау үшін 57 бақылау гидробекеті жұмыс істейді.
Бүгінде облыс аумағындағы қар жамылғысы 46% құрайды.
Бақылауда су басу ықтималдығы бар 9 елді-мекен бар, оның ішінде 4 елді-мекенде су тасқынына қарсы жұмыстар басталып, 2 елді-мекен бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, қалған 3 елді-мекенге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар департаменттің ерекше бақылауында.
Жетісу облысы баспасөз қызметі