2024 жылғы 13 наурызда ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Камалов Рамиль Фаткулович жұмыс сапарымен Алматы облысына барды.
Төрағаның жұмыс сапары Өтеген батыр кентіндегі №38 мектепке барудан басталды. Онда ол «Жас өрт сөндіруші» әскери-патриоттық сыныбының оқушыларымен танысып, жас кадеттердің бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, азаматтық борышын және Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығы бойынша барлық күш-жігері үшін мұғалімдерге алғысын білдірді.
Мұғалімдердің жетекшілігімен бұл мектепте толыққанды бейіндік сынып құрылды, онда мектеп кезінен бастап балалар азаматтық қорғау қызметінің негіздерін үйренеді, оның мақсаты білім алушылардың туған халқына деген құрметі мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, мақтаныш пен патриоттық сезімдерді ояту, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ, өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына жас кадеттерге арналған арнайы жабдықталған сыныптар, болашақ өрт сөндіруші-құтқарушыларды тәрбиелеу үшін жасалған жағдайлар көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі