Риддерлік құтқарушылар Айс есімді итке көмекке келді

Риддерлік құтқарушылар Айс есімді итке көмекке келді

13 наурызда Риддер қаласының құтқарушыларына иттің ашық шұңқырға түсіп кеткені және көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткенде қыздың үй жануарымен бірге ашық жерге серуендеуге келгені анықталды. Айс есімді ит қарғыбауынан босап, далада жүгіре бастады. Қардың кесірінен ашық шұңқырды көрмей, 3 метр тереңдікке дейін құлап кеткен.

Ол төрт аяқты досын өз бетімен құтқара алмай, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.

Мамандандырылған отрядтың қызметкері мүмкіндігінше шұңқырға түсіп, итті шақыра бастады. Көмек жақын жерде екенін сезген Айс қатты үреді. Шұңқырда ит жоғары-төмен секірді, ал құтқарушы оның қарғыбауынан ұстап үлгерді. Ит аман-есен шығарылып, иесіне тапсырылды, бұл үшін бойжеткен МӨСБ-1 қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі