Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

2024 жылғы 13 наурызында Семей қаласының Мирный кенті аумағындағы Ертіс өзенінің бөлігінде мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында «KazExploService» ЖШС мамандандырылған ұйымы 9340 шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстарын жүргізді. 

Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Абай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары, полиция департаменті, «Казселденқорғау» ААПБ, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен жедел жәрдем қызметі қосымша жұмылдырылды.

Жарылыс жұмыстарын жүргізудің басты мақсаты – Семей қаласы шегінде Ертіс өзенінде болатын мұз кептелісінің пайда болуы тәуекелін болдырмау және азайту.

 

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі