Әрқашан уақытында келетін көмек

Әрқашан уақытында келетін көмек

ТЖМ жүйесіндегі буындардың бірі Апаттар медицинасы орталығы болып табылады. Ол төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға медициналық және психологиялық көмек көрсетуге байланысты жауапты міндеттерді тиімді шешеді. Ағымдағы жылдың 2 айында Апаттар медицинасы орталығының бригадалары төтенше жағдайларға 993 рет шығуды жүзеге асырды. Бұл ретте 278 адамға, оның ішінде 30 балаға медициналық көмек көрсетілді, ТЖ аймақтарынан 44 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды, 42 адам, оның ішінде 9 бала ауруханаға жатқызылды.

Апаттар медицинасы орталығы қызметінің басым бағыттарының бірі жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру болып саналады. Республикалық трассалардың неғұрлым авариялық учаскелерінде тәулік бойы ЖКО зардап шеккендерге 40 трассалық медициналық-құтқару пункті медициналық және құтқару көмегін көрсетеді. Ағымдағы жылы трассалық пункттердің бригадаларымен 237 шығу жүзеге асырылды, 167 адам, оның ішінде 29 бала эвакуацияланды, 304 зардап шеккен адамға, оның ішінде 29 балаға медициналық көмек көрсетілді, 123 адам, оның ішінде 15 бала ауруханаға жатқызылды. ТМҚП жұмысы өзінің жауапкершілік аймақтарында ЖКО кезінде өлім-жітім санын қысқартуға мүмкіндік берді.

ТМҚП бригадалары жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге трассалық пункттің «жауапкершілік аймағында» тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді, оқиға орнына медициналық-құтқару реанимобилімен шығуды жүзеге асырады, сондай-ақ медициналық көмекке өз бетінше жүгінген азаматтарға шұғыл көмек көрсетеді.

Төтенше жағдайлар кезінде Апаттар медицинасы орталығының психологтары да маңызды жұмыс атқарады. Жыл басынан бері Апаттар медицинасы орталығының психологтары төтенше жағдайларға 188 рет шықты. Зардап шеккен 90 адамға, оның ішінде 13 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

 

 

Апаттар медицинасы орталығы