
ТЖ министрі азаматтық қорғау органдарының қызметіне жаңа серпін берді. Оның мақсаты жергілікті және республикалық ауқымдағы түрлі ТЖ-ға ден қою әзірлігінін неғұрлым жоғары деңгейіне көшу болып белгіленді.
Мәселен, 12 наурызда Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы полковник Кеген Ахметұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен республика өңірлерінен келген ТЖ департаменттерінің басшы құрамы үшін нұсқаулық кеңес өткізілді.
Өңірлердің өкілдеріне аумақтағы ірі ТЖ-ны жою жоспарларының өзектілігін анықтау және барлау жүргізу міндеті қойылды.
Бұдан басқа, лауазымды тұлғаларға жергілікті атқарушы органдармен және Алматы қаласында орналасқан «Апаттар медицинасы орталығы», «Қазавиақұтқару» АҚ және басқа да ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау тапсырылды.