Құрметті демалысқа шығарып салдық

Құрметті демалысқа шығарып салдық

11 наурызда Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы Назарали Селимов және жеке құрам №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ержан Жилибековты құрметті демалысқа шығарып салды. Ержан Жилибеков өз қызметін 1994 жылы қарапайым өрт сөндірушіден бастап, әр жылдары өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, аға инженері, бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап өрт сөндіру кезекші қызметінде жедел кезекшінің көмекшісі, орынбасары, 2018 жылдан бастап жедел кезекші болып жұмыс істеген. Соңғы атқарған қызметі - елордалық ТЖД №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
Қызмет барысында "Өртке қарсы қызмет органдарында мінсіз қызметі үшін"  ІІІ, ІІ  және І дәрежелі медальдарымен, "Төтенше жағдайлардың алдын алу  және жоюда үздік шыққаны үшін"  медалімен марапатталған.
30 жылдық тәжірибесі бар Ержан Серікбайұлын жеке құрам білікті маман, еңбекқор қызметкер, жастарға үлгі болатын адамгершілігі мол қызметкер ретінде таниды. Бүгін біз оны құрметті демалысқа шығуымен құттықтаймыз!

  Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі