
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны қаупі бар 2 елді-мекенде 1,2 км су бұру арнасына жөндеу және 4,6 км өзен арналарына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы шеңберінде, 92 км арық желілері, 66 км каналдар және 1728 су өткізгіш құрылыстары қар мен мұздан тазартылды. Су басу қаупі бар елді мекендерден 17 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Су тасқыны жағдайы күрделенген кезге, 141 бірлік су сорғыш мотопомпа мен 264 бірлік техника әзірлікке келтірілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 12-13 наурызда Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын және температуралық фонның жоғарылауы күтіледі, бұл өз кезегінде көлбеу ағынның пайда болуына және өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне, сондай-ақ жазық аумақта еріген қар ағынының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі