Серік Төленбергенов ТЖ вице-министрі болып тағайындалды

Серік Төленбергенов ТЖ вице-министрі болып тағайындалды

Министр жеке құрамға жаңа ТЖ вице-министрі Серік Төленбергеновті таныстырды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Төленбергенов Серік Төлеуғалиұлы Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищені, Р.Байсейітова атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америка университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржыминінің Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2009 жылға дейін – жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім бастығы.

2010-2011 жылдары - Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болған.

2013-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары - басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2019-2020 жылдары - "Бәйтерек" ҰБХ Басқарма төрағасының кеңесшісі.

2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары – коммуналдық кәсіпорынның директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы наурызға дейін – Абай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.