Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда

2024 жылғы су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту үшін мүдделі мемлекеттік органдар су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарына, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына сәйкес алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

2023 жылы бағдарламалық құжаттар шеңберінде 41 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері нығайтылды, 19 уақытша гидропост орнатылды, 21 шақырымнан астам арық жүйесі орнатылды, автожолдарда 52 су өткізу құбыры мен 37 ғимарат орнатылды. 

Бүгінгі таңда елді мекендерден 785 мың текше метр қар шығарылды, 345 шақырым арықтар мен каналдар, 1200-ге жуық құбырлар тазартылды, 46 мың шаршы метрде мұз кесілді, 34 мың шаршы метрде қамыс шабылды, 6 мыңнан астам ойық бұрғыланды. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам құммен толтырылған қап жиналды.

2-9 наурыз аралығында облыс өзендерінің 26 учаскесінде 21 мың м2 аумақта мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта 147 елдімекен, автожолдардағы 49 учаске, 50 гидротехникалық құрылыс ерекше бақылауға алынды, оларға жауапты органдар тарапынан лауазымды тұлғалар, инженерлік техника және материалдық ресурстар бекітілді.

Облыс бойынша төтенше жағдайды жою үшін 1 мыңнан астам техника, 88 жүзу құралдары, 12 аспалы мотор, 329 мотопомпалар және 4 мыңнан астам жеке құрам, 23 мың тонна инертті материал, 273 мың дана қап, 557 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалды.

47 мың адамға арналған 219 уақытша орналастыру пункті дайындалды, үй жануарларын айдау үшін 168 қауіпсіз орын анықталды. Жалпы сомасы 35,8 млн теңгеге азық-түлікке 242 шарт жасалды, олар қажет болған жағдайда зардап шеккен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта өзендер қысқы режимде. «Қазгидромет» РМК БҚФ және РФ ТЖМ әріптестерімен өзендер деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауда.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі