
"Қазгидромет" РМК Павлодар облыстық филиалының деректеріне сәйкес ағымдағы жылы жауын - шашын мөлшері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нормадан 56% - ға жоғары. Қардағы су қоры нормадан 69% - ға жоғары және өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 99% - ға жоғары.
Жалпы, қар түсуінің деректерін ескере отырып, белсенді қар еру кезеңінде Ақтоғай, Успен, Ертіс, Железин, Павлодар және Тереңкөл аудандары су басу қаупіне ұшырауы мүмкін.
Ағымдағы жылы "Қазгидромет" болжамына сәйкес 65 елді мекен ерекше бақылауға алынды, яғни 43 елді мекенге тағы 22 елді мекен қосылды.
"2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы" шеңберінде "Қаратерек ауылы маңындағы Ертіс өзені арнасын жағалауды нығайту және тазарту" және "Ақтоғай ауданы шекарасындағы Сілеті өзені арнасын тазарту, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары" бойынша 2 тармағы орындалды. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский" жолының 105 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары" аяқталу сатысында, 2-кезегі (қалған: арқан қоршауын орнату).
Қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елді мекендерінен 841 мың текше метрден астам қар шығарылды, 15 наурызға дейін 1 472 су өткізу құбырын ашу жоспарлануда (теміржолда–199, автомобиль жолдарында – 1273).
Су тасқыны жағдайының нашарлауы байқалса, халықты эвакуациялаудың 43 пункті алдын ала дайындалды. Эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету үшін 525 төсек орындары, 500 төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
ТЖ-ға жедел ден қою үшін су тасқыны салдарын жоюға күштер мен құралдар тобы дайындалды, оған 1702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу құралдары мен 198 мотопомпалар дайындалды.
Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы