Өрттің себептерін анықтаудағы зерттеу-сынақ өрт зертханаларының рөлі

Өрттің себептерін анықтаудағы зерттеу-сынақ өрт зертханаларының рөлі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде елде баламасы жоқ 20 зерттеу-сынақ өрт зертханасы жұмыс істейді, олардың құрамында 50-ге жуық маман қызмет етеді.  

ЗСӨЗ қызметкерлерін өрттің себебі мен мән-жайын анықтауда анықтаушылардың көмекшілері деп атауға болады. 

Мәселен, ЗСӨЗ мамандары өрттен қорғау жүйелеріне аспаптық зерттеулер жүргізеді, өрттің себебін анықтайды, тек объективті фактілер мен құрылғылардың көрсеткіштеріне сүйене отырып, болған оқиғаның суретін қалпына келтіреді.

Бұл бөлімше қашықтыққа және тәулік уақытына қарамастан өңірлердегі барлық дерлік өрттерге тартылады.

Жыл сайын ЗСӨЗ мамандары өрттің таратулуы, пайда болу себебін және оған ықпал еткен жағдайларды көрсете отырып 15 мыңға жуық қорытынды береді.

Өртке қарсы қызмет комитеті ЗСӨЗ қызметін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде жоғары білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде қазіргі заманғы аспаптармен және зерттеу жабдықтарымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.