Солтүстік Қазақстан облысының әкімі СҚО ТЖ департаментінің бөлімшелерінде болды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі СҚО ТЖ департаментінің бөлімшелерінде болды

2024 жылғы 8 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов СҚО ТЖ департаментінің жұмысымен танысу мақсатында Петропавлда орналасқан СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелеріне барды: № 1, 2, 3, 4 және 5 өрт сөндіру бөлімдері, сондай-ақ Қызылжар ауданының Бескөл а. № 13 өрт сөндіру бөлімі.

Бөлімшелерде өңір басшысы өрт сөндірушілердің техникалық жабдықталуымен, күнделікті жұмысы пен демалысы, жеке құрамның спортпен шұғылдану жағдайларымен танысты. № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне сапар барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қарамағындағы арнайы жабдықтар мен авариялық-құтқару техникасы көрсетілді. Облыс әкімі көрсетілген техникалық құралдардың маңызды техникалық сипаттамаларын, олардың авариялық - іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудің, өрттерді сөндірудің күрделі жағдайларындағы тиімділігін атап өтті. № 1 өрт сөндіру бөліміне бару есте қаларлық болды, онда Гауез Торсановичке облыстың өрт сөндіру ісін дамыту мен жетілдірудің, СҚО өрт сөндірушілерінің ерлікпен жасалған істерінің аса маңызды және естелік оқиғаларын көрсете отырып, өрт күзеті тарихының мұражайы көрсетілді.

Сапар соңында облыс әкімі ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаевқа қарап, ТЖ қызметтерінің қазіргі жағдайдағы жемісті жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ТЖМ аумақтық органының ұжымына Қазақстандықтарды авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан қорғау сияқты қиын істерде одан әрі табыс тіледі.

СҚО ТЖ департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы