ШҚО ТЖД мамандары азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында 200000-нан астам аулаларды аралады

ШҚО ТЖД мамандары азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында 200000-нан астам аулаларды аралады

Жылыту маусымы басталғалы бері облысымызда улы газдың салдарынан 27 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Жағдайлардың көпшілігі тазартылмаған түтін және пеш қабырғасының күйімі, пештегі жарықтар салдарынан орын алды. ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары атап өткендей, адам үшін улы газ - күшті улы зат. Тыныс алу кезінде ағзаға кіргенде ол өкпеден қан айналым жүйесіне өтеді, онда гемоглобинмен қосылады және оттегіге қарағанда 200-300 есе мықты болады. Нәтижесінде қан оттегіні тасымалдау және оны ұлпаларға жеткізу қабілетін жоғалтады, бірінші кезекте ми, сондай-ақ уланудың клиникалық көрінісінің дамуына қарай және басқа да органдар зардап шегеді.

«Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында жылыту маусымы басталғалы бері 2400 жуық улы газ датчигі орнатылды, 200000-нан астам аулалар араланды, оның барысында мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары тұрғындарға пештерді қауіпсіз пайдалану ережелері туралы нұсқау берді», - деп ШҚО ТЖД МӨБ басқармасы бастығының орынбасары Болат Тоқтарғалиев атап өтті.

Рейдтер көрсеткендей, әрбір бесінші үйде бұзушылықтар бар - уақытында тазаланбаған пештің мұржасы, оттық алдындағы  металл парақшаның болмауы, пештерде жарықтардың болуы.

ШҚО ТЖД қызметкерлерінің үнемі ескерту жұмыстарына қарамастан, тұрғындар үйлердің қауіпсіздігі тек олардың мойнында екенін сезінуі тиіс. Иелерінің әрқайсысы өзінің мұржасын тазаламайынша, пештегі жарықтар мен саңылауларды жауып тастамайынша, жарқыраған розеткаларды, сымдардағы бұрамаларды жоймайынша және тұрғын үйді өртке қауіпсіз жағдайға келтірмейінше жағдай шешілмейді.

Ауа райының жылынуы кезінде, дәл қазір температуралық фон плюс және минус температурасының арасында ауытқыған кезде, түтін құбырының тазаланбауы жағдайды ушықтырып, улану жағдайларының артуына әкелуі мүмкін,  сондықтан пештерге азаматтар ерекше назар аударуы тиіс.

Улы газдан уланудың алдын алу үшін:

- пеш қалауларындағы жарықтарды жабу;

- тазаланбаған мұржаларды ретке келтiру;

- желдету жүйесінің жұмысына жүйелі тексерулер жүргізу;

- газ аспаптары мен жабдықтарын, пештер мен каминдерді орнату кезінде тек кәсіпқойларға ғана жүгіну керек.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі