Ақтөбе облысында 11 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ақтөбе облысында 11 адам қар құрсауынан құтқарылды

11 наурыз күні 112 құтқару пультіне Желтау ауылдық округі аумағындағы Қарғалы ауданында, Қарғалы су қоймасында қар құрсауында  балықшылардың 3 жеңіл көлігі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті, қолайсыз ауа райына, боранға байланысты жол көрінбеді.

Қарғалы суы қоймасы ауданында сағат 03:30-да қар құрсауында қалған  жеңіл автокөліктегі 11 адамды құтқарушылар Ақжол кемпингіне эвакуациялады.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Қатысушылар: қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Сериков Шернияз, жүргізуші азаматтық қорғау сержанты Таймуканов Абай, құтқарушы азаматтық қорғау сержанты Есенеманов Алтынбек, аға инженер азаматтық қорғау лейтенанты Бекмурзаев Салауат.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы