
Астана қаласы Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Исабек Сәуле Еркебекқызы орта мектепті бітіргеннен кейін медициналық академияға түсіп, содан бері оның қызметі тек медицинаға арналды.
Апаттар медицинасы орталығында Сәуле Еркебекқызы 7 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Дәрігер қызметін атқара жүріп, төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету үшін сапарға шықты, жол-көлік оқиғасы, өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетті, командалық-штабтық жаттығуларға, арнайы тактикалық жаттығуларға қатысты.
Әрқашан ұқыпты және позитивті әріптесіміз әйелге тән нәзіктігімен де ерекшеленеді. Ол 2 баланың анасы, үлгілі әйелі және ата-анасының үлгілі қызы. Сәуле Еркебекқызы өзінің кәсіби міндеттерін орындаумен ғана шектелмейді: филиалдың қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз сияқты әйелдер апаттар медицинасында көптеп кездеседі. Мұндай жұмыста ер адам ба әлде әйел адам ба маңызды емес екенін түсіну керек. Апаттар медицинасы орталығының қызметкері болу үшін батылдық пен күшті мінезге ие болу керек.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ