Әлемнің әсем әшекейі нәзік жандылар!

Әлемнің әсем әшекейі нәзік жандылар!

Ғаламшарды ғажайып ғаламатқа толтыратын ғазиз жандар әрине ол біздің асыл әжелеріміз, аналарымыз және де нәзік жанды аруларымыз. 

 

Міне осы сұлу да сымбатты тіршіліктің иелері ер азаматқа тән ауыр қызмет пен нәзік жанды әйел затының мойнындағы міндетті қатар атқарып жүрген өмірде жүрегі жұмсақ, ал қызметте мінездері қайсар аруларымыз жетерлік. Осы ретте дәл осындай қызметте өзінің күш-жігерін аямай еңбек етіп жүрген әріптесіміз туралы ой өрбітпекпіз. 

 

Иә Батыс Қазақстан облысы  Төтенше жағдайлар департаментінің  Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөліміндегі нәзік жанды, азаматтық қорғау подполковнигі Динара Ермағамбетованың қызметін дәл осылай сипаттауға болады. 

 

Динара Мақсатқызы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туып өскен. 2002 жылы алғаш рет өрт сөндіру қызметіне хатшы - машинист лауазымына жұмысқа келді, ал 2005 жылы қайта ұйымдастырудан кейін, аттестаттаудан өтіп, азаматтық қорғау саласының офицері болды және өз қызметін осы күнге дейін жалғастырып келеді. Еңбек жолын төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау инженері болып бастаған, ал 2010 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін БҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып табылады. 

 

20 жылдан аса уақыт бойы біздің кейіпкеріміз нағыз  ерлермен қатар жұмыс атқарып келеді, бірақ бұл ешқандай қиындық туғызбайды,- дейді ол.  Барлығымен қатар ол басшылық тарапынан берілген бұйрықтарын тең дәрежеде орындайды.

 

- Қызметте жұмыс барысымен кезекшілік және  аудандарға шығу бар, ешқандай қарсылық қабылданбайды. Жылдар бойы тәртіпке, жауапкершілікке, барлық жұмыстың ауырлығына үйреніп қалған маман, отбасының,  іссапарларға да, демалыс күндеріндегі жұмысқа да үйренісіп кеткенін айтады. 

 

Төтенше жағдайлар саласында  әйел адамдар көп жұмыс істемейді, бірақ олардың әрқайсысы қиындықтарға қарамастан, өз жұмысын жауапкершілікпен, уақытында орындайды, - дейді Динара Мақсатқызы Ермағамбетова.

 

 БҚО ТЖД баспасөз қызметі