Кәсіби маман мен сұлулар

Кәсіби маман мен сұлулар

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының республикалық мемлекеттік мекемесі нәзік жанды әріптестер жұмыс істейтінін мақтан тұтады. 8 наурыз мерекесі қарсаңында әрқайсысы жайлы қысқаша айтпау мүмкін емес. Бұл нағыз еңбекқор, қамқор аналар, шебер үй шаруасындағы пысық әйелдер және қыздар. Олар аз болғанымен, барлығы кәсіби құтқарушылар ғана емес, сонымен қатар сұлулар болып табылады.

Бүгінгі таңда, кинологиялық және кезекші-диспетчерлік бөлімшелерді Куценко Галина Анатольевна мен Гребенкина Наталья Владимировна басқарады. Психологиялықтақырып бойынша іс-шаралар үшін жауапкершілік бас құтқарушы-психолог Зимина Светлана Валерияновнаға, Мемлекеттік сатып алу саласында нағыз маман бас құтқарушы Смышляева Ольга Николаевнаға жүктелген.Қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын құтқарушы-медбике Вдовенко Ирина Викторовна,  қазір жас маман – Смағұлова Айгүл Серекқызының тәлімгері болып табылады. Күн сайын кезекші тәулікке құтқарушылар Веневцева–Лесовая Ольга Николаевна, Леонова Марина Александрвна, Тюкалова Лариса Николаевна, Морозова Анастасия Сергеевна қатысады.Көмекші әкімшілік байланыссыз бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша жұмыс жасау мүмкін емес- онда бас құтқарушы Реверук Ольга Сергеевна қызмет етеді.

Екібастұз қаласының құтқару бөлімшесінде тәулік бойы диспетчерлік пульттің жанында  Жиембаева Наталья Николаевна, Искиндирова Раушан Октябрятовна, Кекилова Арман Сейфулловна, Қуандық Майгүл Мәдениетқызы жұмыс істейді. 

Павлодар қаласының құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Ольга Веневцева-Лесовая өз өлеңдерінде қиын жұмыстың күнделікті өмірі туралы баяндайды.  

 

Павлодар облысы ТЖД

«Жедел-құтқару жасағы» РММ