
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайындау мақсатында өңірлерде алдын алу іс-шараларының кешені өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы өткізіледі.
Бір мезгілде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі өңірлік комиссиялардың 245 отырысы өткізілді.
Жалпы, елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін шамамен 65 км уақытша бөгеттер мен 50 км-ден астам біліктер тұрғызылды, 670 км каналдар мен 2 мың км-ден астам арықтар және автомобиль (7887) және темір жол (1140) астындағы 9 мың су өткізу құрылыстары тазартылды.
Су тасқыны мүмкін болған жағдайда эвакуацияланатын халықты қабылдайтын 3 022 пункт және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелері дайындалды, маршруттар жаңартылды, көлік анықталды.
ҚР ТЖМ ТЖ алдын алу департаменті