8 наурыз қарсаңында азаматтық қорғау органдарындағы нәзік жандар туралы: Гүлназ Абуова

8 наурыз қарсаңында азаматтық қорғау органдарындағы нәзік жандар туралы: Гүлназ Абуова

Көктемгі нәзік жандардың төл мерекесінде Департаменттің гүлденген аруларумен де таныстырып кетуді жөн көрдік. Азаматтық қорғау капитаны Гүлназ Абуова 2018 жылдың наурыз айынан бері қызмет етеді. Қазіргі таңда, Штаб тобының бас маманы лауазымында қызмет атқаруда. Қызметіне адал, білікті маман, жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Ол өте жауапты қызметкер.

Оқушылар мен ата-аналарға  «Қауіпсіздік мәдениетін арттыру» тақырыбында дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді. Сондай-ақ, қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік, мәдени және әдептілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысады. Бір қарағанда, оның басты ісі  - аяқталмайтын құжаттар, қағазбастылық көрінуі мүмкін, бірақ уақыт тауып үгіт-нисихаттау жұмыстарына белсене қатысады.

Гүлназ 1985 жылы 16-наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылында дүниеге келген. Білім жоғары, 2007 жылы Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Аграрлы-техникалық университетін; 2015 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін; 2020 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін аяқтады. Бір қыз тәрбиелеп отыр.

Жұмыс өтілін 2008 жылдан бастаған, Департаменттің іс-жүргізуші лауазымынан инспектор лауазымына дейін, кейін  бөлімнің жетекшісі лауазымына дейін жоғарлады.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Гүлназ өз міндетін лайықты орындайды және еліміздің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған шараларға өз үлесін қосады.

 

Маңғыстау облысының ТЖД баспасөз қызметі