Дина Жапарова: «Әр адамға қолдау мен көмек қажет»

Дина Жапарова: «Әр адамға  қолдау мен көмек қажет»

Қазіргі шақта өмір сүріңіз , маңызды сәттерді жіберіп алмай, оның әр біреуін бағалаңыз! Бұл СҚО ТЖ департаментінің ТЖ алдын алу бөлімінің аға инженері Дина Жапарованың өмірін ерекше мәнге толтыратын ұран.

Бала кезінен бастап ата-анасы Динаға адамдарға көмектесу,оларға мейірімділік пен қамқорлық таныту қажеттілін түсіндірді. Бұл болашақ мамандықты таңдауға әсер етті. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментіне Дина Хакимовна 2001 жылдың сәуір айында келді. Ол маңсабын радиотелефоншы қызметінен бастады. Бұл оңай жұмыс емес. Әр қоңырау біреудің жан айқайы, мазасыздығы, тез шешілуі керек мәселе. "Ең бастысы-эмоцияларға берілмеу, артық нәрсені тастау және тез жұмыс істеу. Адамға қолдау мен көмек қажет, эмпатияға уақыт жоқ. Бізге бөлімшелерімізді, құтқарушыларымызды уақтылы жіберу керек", – деп есіне алады ол өзін науқастың тірі қалуын мақсат еткен хирургпен салытырып.

 Алты айдан кейін ол өрт сөндіру қызметінің диспетчері лауазымына ауыстырылады, ал 2005 жылы Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторы лауазымына офицерлік құрамға аттестатталды.

Қазір ол үшін Департаментте жұмыс істеу-бұл жай ғана қызмет емес, отбасылық істің бір бөлігі. Оның күйеуі-СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №2 өрт сөндіру бөлімінің старшинасы Жапаров Самат. Олар бірге Асанәлі мен Әлихан атты екі  ұлын тәрбиелеуде.

"Өрт сөндірушінің жұбайы болу оңай емес. Самат-өз ісіне жаны ауыратын өте жауапты адам . Бірнеше рет ол отқа барды, адамдарды құтқарды, өртті сөндірді. Ол өрт сөндірушінің жұмысын жеңілдететін бірнеше рационализаторлық ұсыныстың авторы.  Ауысымға кеткен сайын менің жаным тыныштық таппайды. Өйткені Самат адамдарға қауіп төнген кезде  өзі туралы ойламайды. Отбасымызда біз оны парыз адамы, өз Отанының патриоты ретінде мақтан тұтамыз!",- деп атап өтті Дина Хакимовна.

Өздерінің бос уақытын олар отбасына аранайды. Кітап оқу, табиғатта серуендеу, кешке ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнау-мұның бәрі оларға қуаныш, күш беріп,  жақындастырады.

"Қызметтің борышы бойынша мен адамдардың, әсіресе өскелең ұрпақтың күнделікті өмірде, табиғатта, әрқашан және барлық жерде қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарағанын қалаймын...

Бір күні біз қауіпті су айдындарында рейд жүргіздік. Жолда қалаға қайтып жатқан жастар компаниясына жолықтық. Ал жағалауда олар қалдырған, жағдайы нашар жас жігітті таптық. Жақын жерде өзен орналасқан. Бұл жігітке болжамды қауіп төндіріп отырды. Біз оған телефон табуға көмектесіп,  ата - анасына хабарластық. Олар бізге өз балаларын үйге алып бара жатқанда шын жүректен алғыс білдірді", - деді Дина Хакимовна.

-Уақыттың қарбалас ағымында біз шын мәнінде маңызды, әдемі және құнды сәттерді жиі елемейміз. Күн сайын қуанып, жақындарыңызды бағалап, қорғап, оларға жылулық пен қамқорлық беру керек. Өйткені, өзімізге және басқаларға қамқорлық жасау-біздің жалпы әл-ауқатымыздың КЕПІЛІ!Қорытындылай келе, Мен барлығына жаңа күн кешегіден жақсы болғанын тілеймін!

 

Наталья Халина 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің журналистика кафедрасының студенті