Абай облысындағы автожолда 5 адам құтқарылды

Абай облысындағы автожолда 5 адам құтқарылды

Ағымдағы жылдың 06 наурызына қараған түні «112» пультіне «Семей-Өскемен» автожолының шамамен 30 шақырымында «Газель» маркалы автокөлік істен шығып, 5 адамды эвакуациялау керектігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу шықты.

Құтқарушылар техникалық ақаулы көліктен 5 ер адамды құтқарып, Семей қаласына жеткізген. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан көлікте ақау болған жағдайда елді-мекендерден тыс жерлерге шықпауларын өтінеді !

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі