
Нұрсулу Асқарбекова Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы болып қызмет атқарады.
Ол өзінің 20 жылдан астам өмірін өрт сөндіру ісіне арнады. Өртке сөндіру қызметінің қатарына келгенде ол бұның өз ісі екендігін білді. Өйткені ол 35 жылдай өрт сөндіру қызметінде жұмыс жасаған атасы Аскарбек Бекжигитовтің ізін жалғастырған болатын.
Бүгінде екі ондаған жыл өткеннен соң Нұрсұлу өзінің өртке қарсы қызметке ең алғаш қадам басқан кезін қуанышпен еске алады. 2001 жылы жасы 18-ге толған кезде ол Шымкент қаласындағы №2 өрт сөндіру бөліміне радиотелефонист қызметіне орналасады. Бұл саланы меңгермеген, тәжірибесі жоқ болсада, өзінің мақсатқа биімділігі мен табандылығы, сондай-ақ еңбексүйгіштігінің, жаңа саланы меңгерудегі мұқияттылығының арқасында көп ұзамай-ақ бұл мамандықтың барлық қырын меңгеріп, өзін кәсіби маман ретінде көрсете алды. 2003 жылы оны кадр жұмысы бөліміне ауыстырады. Осы күнге дейін сол бөлімде аянбай еңбек етуде.
Ол тек өз ісінің маманы ғана емес, сүйікті жар және көпбалалы ана. Оның бес баласы бар.
Өзінің мінсіз қызметі үшін І, ІІ, ІІІ, дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» және «Өртке қарсы қызметіне 100 жыл», «Азаматтық қорғау жүйесіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған.
Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі