Әр минут есепте

Әр минут есепте

Әсемгүл Ысқақова 20 жылдан астам уақыт бойы елордалық күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері болып қызмет етіп келеді және әр минуттың аса маңызды жақсы біледі.

«Алдымен, 2002 жылы осы салаға келіп, № 1 өрт сөндіру бөлімінде бір жыл қызмет еттім, ал қазір көп жылдар бойы күштер мен құралдарды жедел басқару орталығында жұмыс істеймін

Қысқаша айтқанда, менің міндеттерім расыменде қарапайым және қысқа естіледі: мен хабарламаларды қабылдаймын, өңдеймін және тиісті бөлімшелерге жіберемін. Бірақ бұл, тек осылай  айтылатыны ғана, шындығында біз үнемі жұмысқа беріліп, көптеген адамдар мен қызметтермен үздіксіз қарым-қатынас жасаймыз.

Тиісті қызметтерге қоңырау шалумен Орталық қызметкерінің міндеттері аяқталмайды. Топ шығу жасалды, бірақ олармен байланыста болу керек, оны «алып жүру» керек, радио алмасуды жүргізу керек және алынған барлық ақпаратты сол диспетчерлік бағдарламаға тез арада енгізу керек. Олар өрт сөндіру бөлімінің нөміріне қоңырау шалады, бірақ әңгіме барысында бірінші кезекте құқық қорғау органдарына немесе дәрігерлерге не шақыру керектігі туралы түсінік пайда болады.

Міне осы жерде, ең бастысы-сабырлылықты жоғалтпау қажет. Кейде адамдар қатты дүрбелеңге түсіп, қорқыныштан айқайлайды, мекен-жайын дұрыс атай алмайды және не болып жатқанын нақты түсіндіре алмайды. Мұндай жағдайда адамнан егжей - тегжейге қол жеткізу өте қиын, сондықтан бірінші кезекте қоңырау шалушыны тыныштандыру керек. Шынымды айтсам, жұмысқа жаңадан келгенде, өте жас, тәжірибесіз, қатайтылмаған, айталық, аса шиеленіскен жағдайда абдырап қалуымыз мүмкін. Елестетіп көріңізші, шұғыл көмек қажет болған кезде екі толқып абдыраған адам дегеніміз не? Бақытыма орай, мен жеке эмоцияларымды тастауды және тек тікелей міндеттеріме назар аударуды тез үйрендім. Ең бастысы – мекенжайды білу, содан кейін, адамды тынышталдыра  отырып, оны сіздің ұсыныстарыңызды орындатуға және жағдайды нашарлатуы мүмкін дүрбелеңге берілмеуіне мәжбүрлеу керек.

Біз керемет психолог болып үлгердік. Білесіз бе, адамға бірінші кезекте қолдау қажет, ол  қорқынышын шығара алатын, өзінің абдырағанын көрсете алатын адам керек.

Бірақ мұндай қиын қызметке қарамастан, біздің кейіпкеріміз өзін басқа салада елестете алмайды. Отбасында оны жақсы түсінеді: Жұбайы Бақытжан Егізбайұлы бір кездері осы құрылымда қызмет еткен, қазір ол азаматтық қорғаудың зейнеткері, запастағы ТЖМ подполковнигі. Олар 2022 жылы кездесті, сәл кейінірек үйленді, қыз тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ үйдегілердің бәрі тәуліктік кезекшіліктен кейін  анасын мазаламау керек екенін жақсы біледі! – деп, біздің кейіпкеріміз күледі. Қалай болғанда да, егер мен өз жұмысымды шын жүректен ұнатпасам, мен бұл лауазымда 20 жылдан астам жұмыс істей алмас едім», - дейді Әсемгүл Ысқақова.  

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі