
Елді-мекендердегі су тасқыны тауекелін төмендету мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған өңірді дамыту жоспары» және «2022-2026 жылдарға арналған экономикалық дамудың кешенді жоспарларында» 18 іс-шара орындау көзделген.
Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ұлытау облысының 2023-2024 жылдардағы жаз-күз кезеңіндегі инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 8 іс-шараны орындау қарастырылып орындалды.
Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 711,7 шақырым, оның ішінде Республикалық маңызы бар 961 шақырым, облыстық маңызы бар 896 шақырым, аудандық маңызы бар 310,1 шақырым, қалалық маңызы бар 544,6 шақырым автомобиль жолдарында 62 көпір және 1101 су өткізу құбырлары орналасқан.
2024 жылғы су тасқыны кезеңінің ТЖ алдын алу мақсатында барлық көпірлер, су өткізгіш құбырлар мен құрылыстары уақытылы тазартылуда.Қазіргі таңда облыс аумағынан су тасқыны кезеңінде елді мекендерден 272 мың м3 қар шығарылды.
Тиісті облыстық бөлімдер мен ұйымдар материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қорын дайындады, бұл 53,576 тонна жанар-жағар май, 62,1 тонна азық-түлік, 2303 тонна инертті материал, 4800 дана қап.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі