
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Облыс бойынша қар жамылғысының ауданы 100 % құрайды.
Жергілікті атқарушы органдар ұзындығы 181 шақырым 170 канал мен арықтарды, 783 су өткізу құрылыстарын, 174 көпір тазартылып, 168,6 мың текше метр қар шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап облыс әкімінің өкіміне сәйкес жоғары дайындық режимі жарияланған.
Су тасқыны салдарын жою және халықты эвакуациялау үшін ШҚО ТЖД-да 26 бірлік жол талғамайтын техника бар.
Облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан асатын халықты уақытша орналастырудың 153 пунктін белгіледі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі