
Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында Абай облысының ТЖД қызметкерлері «Қазгидромет» РМК өкілімен бірлесіп Ақсуат, Аягөз, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандарында қар қалыңдығына өлшеулер жүргізді.
Өлшеу құралдары мен жабдықтардың көмегімен өзен арналарындағы және қар қоры неғұрлым жоғары учаскелерде қар көлемінің гидрологиялық деректері анықталды. Өлшеулердің сапалы жүргізілуі үшін Абай облысының ТЖД өтімділігі жоғары техникасын ұсынды.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша аталған аудандардағы қар қоры бойынша ақпарат қалыптастырылды, бұл Абай облысының аумағында су тасқыны кезеңінің өтуін болжауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі