Жер сілкісіні бойынша қосымша ақпарат

Жер сілкісіні бойынша қосымша ақпарат

Төтенше жағдайлар министрлігінің базасында республикалық жедел штаб, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы ТЖД-да облыстық штабтар жұмыс жүргізуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық қызметтері хабардар етілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, қирау, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

2024 жылғы 4 наурызда сағат 11.22-де эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Алматы қаласында 5 балл, Алматы облысының Қонаев қаласында – 4 балл, Талдықорған қаласында, Жетісу облысында – 3 балл болды.

Алматы қаласында, Алматы облысында, Жетісу қаласында құлақтандыру жүргізілді.

Сағат 11.45-те эпиорталығы 263 км Алматы қаласының оңтүстігінде, Қытай аумағында қайта жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан аумағында сезілетіндігі туралы мәліметтер тіркелмеген.