Абай облысында полиция қызметкеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды

Абай облысында полиция қызметкеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды

2024 жылғы 2 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті атынан Көкпекті ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қызметтік борышын орындау барысында ержүректілігі мен жанқиярлық танытқаны үшін Көкпекті АПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Данияр Қайырқановқа Алғыс жарияланды.

 

Полиция қызметкеріне марапатты салтанатты түрде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов табыс етті.

 

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 16 ақпанында ауа райының қолайсыздығына байланысты Көкпекті ауданындағы жолдарда 100-ден астам автокөлік қар тұтқынында қалған болатын.

 

Өміріне төнген қауіпке және күрделі метеорологиялық жағдайларға қарамастан және жолдың қарлы бұрқасын әсерінен көрінбеуін елеместен тәртіп сақшысы жолға шығып, қарда қалған автокөлік жүргізушілеріне жол көрсекен.

 

Құтқару операциясын жүргізу кезінде азаматтық қорғау органдары мен ПД 381 адамды, оның ішінде 19 баланы құтқарды.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі