Азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне қалық назарын аудару, ТЖ қаупі төнген және туындаған кезде қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сіңіру, құтқару қызметтерінің беделін арттыру және олардың қызметін насихаттау мақсатында 1 наурыз күні Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
Осыған байланысты, Көкшетау қаласының 2-МӨСБ-де азаматтық қорғау қызметтері өкілдерінің, колледж студенттерінің және азаматтық қорғау органдарының ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, М.Ғабдуллин атындағы АҚА-да қаланың жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларына арналған авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтарын көрсете отырып, «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара марапаттау рәсімі мен концерттік бағдарламамен жалғасты. Аталмыш іс-шаралар облыстың 20 өңірінде өткізілді.
Ақмола облысының ТЖД