Азаматтық қорғаныс күніне орай Ашық есік күні өткізілді

Азаматтық қорғаныс күніне орай Ашық есік күні өткізілді

Бүгін Жедел құтқару жасағының базасында «1-наурыз – Азаматтық қорғаныс күніне» орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Ашық есік күнін Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Н.Ибрагимов құттықтау сөз сөйлеп, ашық деп жариялады.

Ашық есік күні барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың құтқару құрал-жабдықтары мен техникасының көрмесі өткізілді. Сонымен бірге құтқару жұмыстарының көріністері көрсетілді.

Ашық есік күні іс-шарасына №1 гимназияның, Абылай хан атындағы колледждің, Текей батыр атындағы колледждің оқушылары, еріктілер  қатыстырылды.

Оқушылар құтқару киімдерін киіп көрді, кинология жұмысымен танысты, құтқару көріністеріне қатысты.

        

Қызылорда облысы ТЖД