Балалар қарлы «кенептерде» қауіпсіздікті бейнелеген

Балалар қарлы «кенептерде» қауіпсіздікті бейнелеген

Дүниежүзілік Азаматтық қорғау Күні аясында өткен балалар арасындағы байқаудың қорытындысын, ШҚО ТЖД құтқарушылары шығарды. Жұмыстарды қазылар алқасы, конкурстың тақырыбы, дизайнның өзіндік ерекшелігі мен креативтілігі, жұмыстың эстетикалық безендірілуі мен түс шешімі толық ашылатындай етіп бағалады.

«Біздің мақсатымыз, балалар арасында ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін тарату және оларды өз бетімен шығармашылық жұмысқа қатыстыру болды. Қарда сурет салу-бұл көңілді іс-шара ғана емес, бұл баланың қоршаған әлем туралы  және  қиындыққа тап болмас үшін бала кезімізден үйреніп, білуге тырысатын ережелер. Қатысушының қандай орын алатыны соншалықты маңызды емес, ең бастысы өзінің қиялын, төтенше жағдайдағы мінез-құлық ережелерін білуін көрсетеді және процестен ләззат алады», - деп түсіндірді ШҚО ТЖ бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Жеңімпаздар: 1 орын – Тарбағатай ауданының Ғ. Мұсірепов атындағы мектеп оқушысы Ахметжан Есенұр, 2 орын – Өскемен қаласының №20 мектебінің оқушысы Жанерке Орынбасарова, 3 орын – Катонқарағай ауданы Берел орта мектебінің оқушысы Есхатұлы Мошан.

Қазылар алқасы сурет салуға ерекше көзқарас пен тамаша идеяны Өскемен қаласының № 47 мектебінің оқушысы Нұрхан Нұрланның жұмысын да атап өтті. Байқаудың ең кішкентай қатысушылары, № 12 «Светлячок» балабақшасының  суретшілері.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі