
Алғыс айту күніне орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақ радиосы ұйымдастыруымен «Мың алғыс» шарасы өтті.
Шараға өрт кезінде «7Я» тұрғын үй кешенінен әйел адамды құтқарған Астана қаласы ТЖД №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу бойынша аға инструкторы Ғалымбек Өтешев қатысты.
Естеріңізге салсақ, 2024 жылғы 15 ақпан күні 18 сағат 33 минутта «101» байланыс пультіне Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 21 үй мекенжайы бойынша пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына Астана қаласы ТЖД №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күш-құралдары жолданды.
Шақыру орнына келіп жетуі бойынша тұрғын үйдің бесінші қабатында 15 шаршы метр аумақта пәтерде ас үй жиһаздары, созылмалы төбе мен тұрғындардың жеке заттарының өртеніп жатқаны анықталды. Буын құрамында болған Ғалымбек Өтешев терезедегі шетінде көмек сұрап, өздігімен бөлмеден шыға алмаған әйел адамды көріп, жағдайды бағалап, жедел түрде биіктігі 32 метр автосатыны бесінші қабатқа орнатып, зардап шеккенді тұрғынды төменге түсірді. Осылайша, оның жедел әрі нақты әрекеттерінң нәтижесінде 1994 жылы туылған азаматша құтқарылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі