Ұлытау облысы ТЖ департаменті волонтерлік ұйымдарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ұлытау облысы ТЖ департаменті волонтерлік ұйымдарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің залында Департамент бастығы полковник Есен Байыров пен Ұлытау облысының волонтерларымен өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылды. 

Жоспар бойынша волонтерларды өрт қауіпсіздігіне, су аймағындағы құтқару жұмыстарына үйрету, халықты Төтенше жағдайлар департаментімен бірге ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған. 

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстың волонтерлік ұйымдарының басшыларымен және үйлестірушілерімен оқу-әдістемелік жиындар өткізді.

Оқу-әдістемелік жиындар барысында ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу тәртібін, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға қызметтер мен құралымдарды тартуды, сондай-ақ ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін түсіндірді.

Сонымен қатар, Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел стресстік жағдайларда халыққа психологиялық көмек көрсетудің негізгі қағидаларын жеткізді және құтқарушылардың авариялық-құтқару жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарын көрнекі түрде көрсетті.

Оқу-әдістемелік жиындардың қорытындысы бойынша білімді бекіту үшін тыңдаушылармен өткен тақырыптар бойынша мәселелер талқыланып, қорытынды тестілеу өткізілді, оның қорытындысы бойынша азаматтық қорғау саласында оқығаны туралы сертификаттар табысталды. Оқу-әдістемелік жиындарға барлығы 33 тыңдаушы – облыстың волонтерлік ұйымдарының басшылары мен үйлестірушілері қатысты.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі