
Ағымдағы жылдың 28-29 ақпаны аралығында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы полковник Ернұр Өтегенов келді.
Сапар барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен халықтың қауіпсіздігі, азаматтық қорғау жүйесін дамыту мәселелеріне қатысты іскерлік кездесу өтті. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, облыс ТЖД бастығы полковник Арман Тоқанов таныстырылды.
Департаменттің жеке құрамымен және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшыларымен кездесу өткізілді. Аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету және жетілдіру бойынша негізгі міндеттер жүктеліп, құтқарушылардың тиімді жұмысы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды. Бұдан басқа, алдағы су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында күштер мен құралдардың дайындығына қатысты міндеттер жеткізілді.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі