Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы Чемпионаттардың бірінші күнінің қорытындысы

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы Чемпионаттардың бірінші күнінің қорытындысы

Биылғы жылы Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ХХХІІ - ерлер арасында, Х - әйелдер арасында, ІХ- жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттары өтуде. Жарысқа еліміздің әр түрлі облыстарынан, қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 400-ден астам спортшы қатысады. Бірінші күні Чемпионат қатысушылар шабуыл сатысы дисциплинасы бойынша бақ сынасты, онда жас ерекшеліктері бойынша спортшылар оқу мұнарасының екінші, үшінші және төртінші қабаттарына көтерілді.

Чемпионаттың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу күрес басталды. «Барлық спортшылар мықты, жақсы дайындықты көрсетуде. Бұл спорттың элементтері өмірден алынады. Адамдардың өмірі мен өртті сөндірудің немесе төтенше жағдайды жоюдың сәттілігі өрт сөндірушілердің шебер және жылдам әрекеттеріне байланысты болған кезде санаулы бірнеше секундқа созылатын өртте және басқа да төтенше жағдайларда қолданылады. Өрт сөндіру-құтқару спорты - ТЖ қызметінің жеке құрамын арнайы даярлаудың құрамдас бөліктерінің бірі», - деп түсіндірді «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ Атқарушы директоры Дәурен Данаев.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті, «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша командалық есепте орындар келесі түрде орналасты:

Ерлер арасында

1 орын - ШҚО ТЖД құрама командасы

2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы

3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы

Әйелдер арасында:

1 орын - ШҚО ТЖД құрама командасы

2 орын - Түркістан облысы ТЖД құрама командасы

3 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы

Жасөспірім ұлдар арасында:

1 орын - Ақмола оюлысы ТЖД құрама командасы
2 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын - Ақтөбе облысы ТЖД құрама командасы

Жеке біріншіліктегі орындар:

Ерлер арасында

1 орын - 13,76 секунд нәтижесімен Мағау Нұралы, Астана қаласы

2 орын - 13,84 секунд нәтижесімен Черносвитов Максим, ШҚО

3 орын - 14,01 секунд нәтижесімен Абильбаев Дінмұхамед, Алматы қаласы

Әйелдер арасында:

1 орын - 07,39 секунд нәтижесімен Тұрсын Айдана, Түркістан облысы

2 орын - 07,6 секунд нәтижесімен Хорошева Анастасия, Ақмола облысы

3 орын - 07,62 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы

Аға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):

1 орын - 11,22 секунд нәтижесімен Есенғазы Бекжан, Ақмола облысы

2 орын - 11,24 секунд нәтижесімен Айтекеев Ислам, Ақтөбе облысы

3 орын - 11,36 секунд нәтижесімен Сұлтанов Мадинур, Ақтөбе облысы

Орта топ жасөспірім ұлдар арасында (15-16 жас):

1 орын - 07,81 секунд нәтижесімен Насибуллин Ернур, БҚО

2 орын - 08,06 секунд нәтижесімен Калиоллаев Ислам, Ақмола облысы

3 орын - 09,08 секунд нәтижесімен Сериков Абылай, БҚО

Кіші топ жасөспірім ұлдар арасында (14 жас және одан кіші):

1 орын - 07,96 секунд нәтижесімен Кадржан Фадил, Астана қаласы

2 орын - 08,18 секунд нәтижесімен Амангелді Алишер, Астана қаласы

3 орын - 08,39 секунд нәтижесімен Шевцов Кирилл, Шымкент қаласы


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі