
Төтенше жағдайлар министрлігі ақтөбелік құтқарушыларды марапаттады. Оларға «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі, алғыс хат берілді.
Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов өз жұмысын адал атқарған, ақпан айында қар қырсауы кезінде жолдарда қалған науқастар мен жолаушыларға көмектескен қызметкерлерге марапат табыс етті.
Хромтау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Арман Алмағамбетов, № 6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Мейрамбек Доспаев, жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Айқын Оңалбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін тақты.
Сонымен бірге төтенше жағдайлар қызметінің 9 қызметкері Төтенше жағдайлар министрінің грамотасын алды.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы