Мамандығы – қоңырауды қабылдай отырып, адам өміріне араша түсу

Мамандығы – қоңырауды қабылдай отырып, адам өміріне араша түсу

Төтенше жағдайлар саласында диспетчер болып жұмыс істеу – бұл кең пейілді, мейірімді адамдарға арналған. Себебі соғылған әр қоңырау үні – біреудің аман қалған жаны болуы мүмкін. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің диспетчері Екатерина Беспаловамен 10 минуттық әңгіме барысында 9 қоңырау келіп түсті, енді тәулік бойы қанша адам хабарласатынын елестете аласыз ба...

- Сіздің өміріңізде кіммен және немен мақтанасыз?

- Өз жұмысыммен, қызметіммен мақтанамын. ТЖ қызметінде басқалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін өздерін құрбан етуге қабілетті жанқияр адамдар ғана жұмыс істеуі керек.

- Әр адамға оқуы қажет қандай 3 кітапқа кеңес берер едіңіз?

- Егер даму үшін болса, онда мұндай кітаптар сіздің дағдыларыңыз бен ой-өрісті жетілдіруге, сондай-ақ мақсаттарыңызға жету үшін шабыт пен мотивация алуға  көмектеседі. Мен сізге тіл үйрену мен дұрыс сөйлеу қабілетін дамытатын кітаптарды оқуға кеңес беремін. Мен оқыған соңғы шығарма және маған ұнағаны "Зулейха көзін ашады", авторы Гузель Яхина. Кітап оқу ең пайдалы әрекеттердің бірі деп санаймын. Ойлау қабілетін дамытады, стрессті азайтады.

- Сіздің ең алғашқы ауысымыңыз қалай өтті, тәлімгеріңіз кім және сізге не үйретті?

- 2002 жылы қызметке келген кезде аға диспетчер Вячеслав Рафисович Нуртдинов деген адам менің тәлімгерім болды, ол біздің "титан"еді  және біздің гарнизонда нағыз кәсіпқой болды. Маған дүрбелеңге бой алдырмауға, әрдайым сабырлы болып, болып жатқан жағдайды қысқаша баяндауға, кезекшілікке келгенде жақсы көңіл-күймен келуді  үйретті.

- Қалай жақсы диспетчер болуға болады? Сіздің мамандығыңыздың құпиясы?

- Мұның бәрі адамның өзіне  байланысты, сіз өз жұмысыңызды жақсы көруіңіз керек, азаматтық борышыңызды адал орындауыңыз керек, реттеуші құжаттарды білуіңіз керек, Конституцияны сақтауыңыз керек, офицер атағына лайықты болу керек.

- Отбасыңыз мұндай қиын жұмысқа қалай қарайды?

-әрине түсіністікпен қарайдв, себебі менің жолдасым бір кездері өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеген. Ол бәрін біледі. Ал менің ағам сен жұмысқа емес, қызметке барасың, сондықтан адал қызмет ет деген еді. Мен мұны әрқашан есте ұстауға тырысамын. Бұл салада жүргеніме 20 жылдан астам уақыт болды.

- Қызметтегі ең қиын жағдай туралы айтып беріңізші?

- ол оқиға есіме түскен сайын көзіме жас аламын. 2020 жылы қыс кезінде Шемонаиха ауданында қар үйінділері басып қалған баланы іздеу жұмыстары болды. Біздің құтқарушылар баланың денесін тауып алды, өзім ана болғандықтан осы жәйтты өзімнен өткіздім, өте ауыр болды. Ал өрттердің қайсысы ерекше болғанын айта алмаймын, себебі әрқашан  алуан түрлі, менің диспетчер ретіндегі басты міндетім оқиға орнына күштер мен құралдарды уақытында бағыттау, жедел жәрдем мен өзге де қажетті шұғыл қызметтерді ұйымдастыру. Диспетчер болу өте жауапты.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі