
Абай облысының ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов Көкпекті ауданындағы құтқару операциясына қатысқан ҚР ҚМ № 54835 әскери бөлімінің «МИ-17» тікұшағының ұшқыштарына салтанатты түрде марапаттар табыстады.
ҚР ТЖ министрінің «2024 жылғы 16 ақпанда Абай облысының Көкпекті ауданында болған қар құрсауынан адамдардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ержүректілігі мен кәсібилігі үшін» бұйрығымен ҚР ҚМ № 54835 әскери бөлімінің қызметкерлері: бөлім командирі Азамат Базылов, борттық авиацияның аға техник-нұсқаушысы Ілияс Бақниязов, штурман Нұрхан Ілиясбек, авиациялық буын командирі Дәурен Жармақов «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 16 ақпанында Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ден астам автокөлік қар құрсауында қалған.
№ 54835 әскери бөлімнің «МИ-17» тікұшағының борт экипажының үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында жылыту пункттеріне 30 адам жеткізілді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі