Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттары басталды

Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттары басталды

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам спортшы ҚР ТЖМ «Өскемен-2024» өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ХХХІІ, әйелдер арасындағы Х, жасөспірім ұлдар арасындағы ІХ Чемпионаттарда жеңіске жету мақсатында келді.

Чемпионаттардың салтанатты ашылуы өтті, қатысушыларды ТЖ департаментінің басшылығы, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев және спорт ардагерлері құттықтады. Ашылу салтанаты нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастырды.

Бірінші күні спортшылар оқу мұнарасының 2, 3, 4 қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде жарысады.  Бұл өрт сөндіру-құтқару спортының ең керемет түрлерінің бірі және үнемі жоғары бәсекелестікте өтеді. Әр спортшы мәре сызығында қымбат миллисекундтар үшін күреседі.

Ертең жарыс жүз метрлік кедергілері бар жолақты өту бойынша жалғасады. Осы дисциплина бойынша жеке жарыста үздік нәтиже көрсеткендер Шығыс Қазақстанда өтетін қысқы Чемпионаттарда тұңғыш рет табысталатын «Алтын бұрандымен» марапатталады.

Чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі көрші Қырғыз Республикасынан келген спортшы Әлішер Қонокбайұлудың қатысуы болды, ол осы деңгейдегі жарыстарда өз күштерін сынап көру үшін арнайы келді.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі