
Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы, халықаралық деңгейдегі құтқарушы.
Әлихан Қобжанов 1996 жылдан 2011 жылға дейін Республикалық жедел-құтқару жасағын басқарды. 1999 жылы Түркия Республикасындағы зардаптарды жою бойынша құтқару жұмыстарын басқарды (Дегирмендер қ.), қаза тапқандардың 14 денесі және бір тірі бала шығарылды. Сел шығарындыларының салдарын жою бойынша құтқару жұмыстарын бірнеше рет жүргізуге тура келді, 2006 жылғы шілдеде 97 адам құтқарылған Кембел-су өзеніндегі сел шығарындыларының салдарын жою кезінде құтқару жұмыстарын басқарды. Республикалық жедел-құтқару жасағының биіктік-техникалық және сүңгуірлік мектептерін ұйымдастырды.