Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен өзара әрекеттесу

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен өзара әрекеттесу

2024 жылғы қаңтардан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және әкімшілік басшылық лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары шеңберінде Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің негіздері бойынша дәрістер өткізіледі.

Бұл оқыту Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы Меморандум негізінде іске асырылады. Дәрістерді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицерлері жүргізеді.

Курс пәні келесі сұрақтарды қамтиды: азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары; азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары; азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу; азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі; азаматтық қорғау күштері; азаматтық қорғаныс объектілері; азаматтық қорғаныс мүлкі және т. б.

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер Комитеті