
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сарыөзек ауылының №9 Өрт сөндіру бөлімінде №49 орта мектебінің оқушылары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды.
Оқушыларға өрт сөндіру бөлімінің тарихы туралы айтылды. Өрт сөндірушілердің күнделікті жұмыс күнінің ұйымдастырылуымен танысты. Балалар өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің ерекшеліктері туралы білді, құтқарушылар оны қалай дұрыс және тез кию керектігін көрсетті, ал олар жауынгерлік киімді киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар қауіпсіздік сабақтарын игерді және өрт сөндіру машинасына қанша су сиятыны және өртте бұл қор қанша уақытқа жететіні сияқты фактілерді қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шараның басты мақсаты азаматтық қорғау қызметінің ерекшеліктері туралы ақпаратты кеңінен тарату, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін және жастардың кәсіби бағдарын дамыту.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі