
Синоптиктердің болжамы бойынша, облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы күрделі деп болжануда. Жергілікті атқарушы органдар, ТЖ департаменті, азаматтық қорғау қызметтері және бей-жай қарамайтын азаматтар елді мекендерді су басу қаупін азайтуға, халықты табиғи апат көріністерінен қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
Ағымдағы айдың басынан бастап облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы жарияланды. Біздің өңір үшін қазір № 1 міндет - елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын тазарту, бұл көктемгі қар еріген кезде үйлерді су басу қаупін азайтудың тиімді шарасы болып табылады.
Өскелең ұрпағы да бұл үлкен істен тыс қалмайды. Жақында өзінің қайырымдылық шараларымен танымал «Birgemiz» волонтерлік фронт – офисі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттерімен бірлесіп Қызылжар ауданының Прибрежное селосында акция өткізді. Жалғызбасты қарт ауыл тұрғындарының мекенжайларын анықтағаннан кейін, олар өз аулаларында және оның маңындағы аумақтарда қар массаларын жинауды ұйымдастырды.
СҚО ТЖД баспасөз қызметі