
Қостанайда құдықтан кішкентай қыздың құтқарылғаны туралы видео әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Онда ер азаматтың құтқарушыларға көмектесіп жатқаны көрсетілген. Кейін белгілі болғандай, оның есімі Сайран Жұмабайұлы Сатаев.
Барлығы Сайранның ағасы балалардың көмек сұраған дауысын естіген кезде басталды.
Олар арқанды өздерімен бірге алып, оқиға орнына жылдам түсті. Құлаған қыздың інісі кішкентай бала айқайлап, ашық тұрған құдыққа абайсызда құлап кеткен қарындасын құтқарып қалуды сұрап жалбарынған.
Қыз бала қатты шошынғанан, арқанды өз бетімен ұстап көтерілуге қорықты.
Өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп Сайран баланың қасына құдыққа түседі. Бұл оған әдеттегідей жағдай болды, өйткені ол бұрын коммуналдық қызметте жұмыс істеген.
Сайранның өзі айтқандай, сол кезде өзі де есеңгіреп қалған және өзінің кішкентай ұлы бар екенін ескеріп, сәби үшін қатты алаңдаған. Оқиғаға дейін қыздың отбасы мен Сайран көрші үйлерде тұрса да бір-бірін танымаған.
Ер адам нағыз қаһарманға айналды, оның әрекеті мойындауға және алғысқа лайық. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы төтенше жағдайда адам өмірін сақтап қалған ер адамды марапаттауды жоспарлап отыр.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі