
25 ақпан сағат 22:15 Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Түлкібас ауданы, Машат аауылдық округы, Мыңбай ауылыны арасындағы жолда қар құрсауында қалып қойған жедел жәрдем көлігін құтқаруға көмек көрсету қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткеннен кейін жедел жәрдем көлігі қар құрсауынан тазартылған аумаққа сүйретіліп, жедел жәрдем қызметкерлері Вахтовка техникасымен, шақырту орнына жеткізілді. Дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы көлігімен жедел жәрдем қызметкерлері мен науқас ауруханасына жеткізілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына №2 ӨСБ қызметкерлері Түлкібас ауданы Нұрлыбек Ынтыхбекұлы, Салман Алиев, Нурсейіт Бексейітов, Бақдаулет Абдреш қатысты.
Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі