
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күні аясында Өскемен қаласының Сағдат Нұрмағамбетов атындағы №4 мектептің оқушылары Әлихан Төлегенов, Виктория Свиринская және Павел Маларев өңірдің бас құтқарушысы полковник Ерғали Бахаевқа қонаққа келіп, алдымен ТЖ департаменті жұмысының ерекшеліктерімен танысты. Қызметтегі ең «қауырт жұмыстағы» бөлімшесі - дағдарыс жағдайлары басқармасына барды, онда бірден бірнеше диспетчерлер жұмыс істейді, олар қоңырауларды қабылдайды және облыста болып жатқан барлық нәрселерден хабардар болады.
Содан кейін балаларға өрт сөндіру депосындағы жұмыс жағдайлары көрсетілді, балалардың жабдықтар мен техникалармен танысуы, өрт сөндіру есебін өрістетуі және азаматтардың қауіпсіздігі үшін адамдар сияқты өз қызметін атқаратын төрт аяқты құтқарушылармен кездесуі ерекше қызығушылық тудырды.
Содан кейін балалар өрт сөндірушілердің формасын өздері сынап көруге және өрт сөндіру қызметінің алып көлігінің кабинасында отыруға мүмкіндік алды.
«Негізгі мақсат өскелең ұрпақтың ой – өрісін кеңейту, оларды қай жерде болмасын: үйде, мектепте, жазда су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету болды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев. Мұндай қарым-қатынас пен ашықтық балаларға қиындыққа тап болмас үшін құтқарушылардың ұсыныстарын сақтау, сондай-ақ алған білімдерін өз құрдастарына айтып беруі қаншалықты маңызды екенін жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз. Мүмкін олардың біреуі болашақта біздің ТЖМ қатарымызды толықтыратын шығар», - деп толықтырды ол.
Сондай-ақ Ерғали Бахаев балаларға ҚР ТЖМ әлеуметтік желілеріне жазылу пайдалы екенін айтты, онда үнемі қызықты профилактикалық ақпарат алуға болады.
Кездесудің басты ерекшелігі өзара сұхбаттасу болды, оның барысында балалар ТЖД бастығына қызықты сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды. Олар өрт сөндіру машинасының резервуарына қанша литр су құйылғанына қызығушылық танытты? Қызметтегі ең маңызды міндет қандай? Құтқарушы мамандығын қалай алуға және қалай полковник болуға болады? Біздің қаламыздағы сүйікті орын? Сіз таңертең жаттығу жасайсыз ба?
Іс-шара оқушылар үшін жарқын және есте қаларлық кездесуді фотосуретке түсірумен аяқталды.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі