Елордалық құтқарушылар «Әлем» сауда орталығында өрт тактикалық жаттығу өткізді

Елордалық құтқарушылар «Әлем» сауда орталығында өрт тактикалық жаттығу өткізді

            26 ақпанда елордалық өрт сөндірушілер «Әлем» сауда орталығында өрт тактикалық жаттығу өткізді.

           Өрттің шарты бойынша сауда орталығының  2-ші қабатта орналасқан киімдер сататын бутиктердің бірінен электр жылыту құрылғысының сымдарының қысқаша тұйықталуынан өрт шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыртудың жоғары нөмірі бойынша келіп, сауда орталығы қою қара түтінге оранғаны анықталып, барлау жұмыстарына кіріседі. Өрт сөндірушілер өртт сөндіру жұмыстарын жүргізеді және  үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өрт толықтай сөндіріледі.

            Осыдай жаттығулардың мақсаты: өрттің алдын алу профилактикалық жұмыстары және Астана қаласы өрт сөндіру гарнизонның жеке құрамының өрт сөндіру кезінде іс-қимылдарын  жетілдіру және сауда орталығының қызметкерлерімен өрт болған жағдайда өзара әрекеттесу іс-қимылдары пысықталды.

            Жаттығуға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 38 адамы мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі