Анонс: Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді

Анонс: Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді

2024 жылдың 28 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында ҚР ТЖМ «Өскемен-2024» өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында ХХХІІ, әйелдер арасында Х, ұлдар арасында ІХ қысқы чемпионаттар өтеді.

Оған республиканың түкпір-түкпірінен 22 команда қатысады. Қатысушылар кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеруге, оқу мұнарасының 4 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтеріліп, жарысады. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары жарысады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты-өрт сөндірушілердің жауынгерлік дайындығын арттыратын және өртті сөндіру тәжірибесінде қолданылатын қолданбалы спорт түрі.

Қысқы чемпионат ШҚО ТЖД спорт манежінде өтеді, онда спортшылардың жақсы нәтиже көрсетуі және жоғары деңгейде жарысуы үшін барлық жағдай жасалған.

 

Аккредиттеу бойынша ШҚО ТЖД

баспасөз қызметіне хабарласуға болады

(сот: 8 777 977 21 21)